ALT Sound компаниясының миссиясы мен мақсаттары

Компанияның миссиясы
Осы саладағы үздік әлемдік іс-тәжірибеге сәйкес өз қызметін жетілдіре отырып, ірі компаниялардың да, жеке адамдардың да тілектерін қанағаттандыруға бағдарланған айрықша сервис ұсыну жолымен Клиенттердің қажеттіліктерін барынша жаба отырып, Қазақстан Республикасында дыбыс, жарық, бейне шығарғыш және өзге де сахналық жабдықтарды жалға беру және жалдау жөніндегі қызметтер нарығында көшбасшы болу.
Стратегиялық мақсат
Жабдықтарды жалға беру нарығында қызметтер көрсету саласында ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу жолымен «ALT Sound+» ЖШС-нің нарықтық құнын және бизнес табыстылығын ұлғайту. Бұл толық және кешенді қызметтер циклін ұсыну есебінен клиенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру, сондай-ақ компанияның жаңа өнімдерін әзірлеу және өз саласында жоғары кәсіби әрі білікті мамандармен (персоналмен) жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, жалпы клиенттерге қызметтер көрсетудің бүкіл процесін жақсарту нәтижесінде қызметтер ассортиментін кеңейту арқылы Компания брендінің күшін арттыруға әкеледі.

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін «ALT Sound+» ЖШС орта мерзімді келешекте қызметтің мынадай стратегиялық бағыттарын іске асыруды жоспарлайды:

  • «ALT Sound+» ЖШС беделін жоғары деңгейде ұстау;
  • Корпоративтік басқарудың озық іс-тәжірибелерін енгізу;
  • Кірістілікті арттыру;
  • Қызметтердің үздіксіздігі және оларды көрсету сапасын үнемі жақсарту;
  • Көрсетілетін қызметтер нарығында көшбасшылық жайғасымын сақтау;
  • Кадр ресурстарының тиімділігін арттыру (адалдық, кәсібилік, персоналды ынталандыру);
  • Өрт, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту;
  • ҚР экономикасын дамытуға бағытталған мемлекеттік жобаларға қатысу.
мекенжайымыз:
Алматы қ., 050057, Тимирязев к-сі, 42-үй (16- павильон, 6-блок, 16-кеңсе)
e-mail:
телефон:
Copyright © 2026 altsound.kz | Алматыда кәсіби дыбыс, жарық жабдықтарын жалдау

Сайт әзірлеу - Web-inSite