Қазақстан мен ТМД-да іс-шараларды толық техникалық сүйемелдеу

Клиенттерімізге кәсіби деңгейде қызмет көрсету үшін компаниямызда арнайы бөлімдер жұмыс істейді. Әр бөлімнің мамандары өз саласының нағыз кәсіпқойлары ретінде дыбыс, жарық, бейне (видео) жабдықтарына, сондай-ақ сахналық конструкцияларды құрастыруға жауапты. Дәл осы жүйелі тәсіл іс-шараны басынан аяғына дейін толық техникалық сүйемелдеу циклінен өткізуге мүмкіндік береді.

ALT Sound+ ұсынатын іс-шараларды толық техникалық сүйемелдеу - Заманауи технологиялар бір орнында тұрмай, қарқынды дамып жатқандықтан, біздің компания мамандары да өз біліктіліктерін тұрақты түрде арттырып отырады. Дәл осы фактор уақытпен бірге алға жылжуымызға және соңғы үлгідегі жабдықтарды қолдана отырып, іс-шараларда жаңа визуалды әрі дыбыстық әсерлерге қол жеткізуімізге мүмкіндік береді. Ал озық аппаратуралардың сан алуан модификацияларын кәсіби деңгейде басқару біздің мамандардың терең білімі мен арнайы дағдыларына негізделген.

Компаниямыздың мамандары жыл сайын халықаралық көрмелерге қатысып тұрады. ALT Sound+ әлемдік жетекші жабдық өндірушілердің техникалық өкілдерімен тығыз ынтымақтастық байланыс орнатқан. Осының арқасында біздің ұжым инновациялық технологияларды терең меңгерген. Бұл бізге іс-шараңызды өмір бойы есте қалатындай, өзіндік қолтаңбасы бар эксклюзивті шоу деңгейінде өткізуге мүмкіндік береді.

Алматы қаласында іс-шараларға техникалық сүйемелдеуге info@altsound.kz сайтында тапсырыс беріңіз.
мекенжайымыз:
Алматы қ., 050057, Тимирязев к-сі, 42-үй (16- павильон, 6-блок, 16-кеңсе)
e-mail:
телефон:
Copyright © 2026 altsound.kz | Алматыда кәсіби дыбыс, жарық жабдықтарын жалдау

Сайт әзірлеу - Web-inSite