«ALT Sound+» ЖШС компаниясының қызмет аясын кеңейтуге байланысты тұрақты жұмысқа зиянды әдеттері жоқ, тәртіпті және үйренуге бейімділігі бар қызметкерлер қажет:
Құрастырушылар
Компания ішінде үйрету. Міндеттері: концерт залдары мен өзге де концерт алаңдарында кәсіби жарық техникалық, дыбыс және бейне жабдықтарын құрастыру мен бөлшектеу. Талаптар: зиянды әдеттері жоқ, тәртіпті. Жұмыс жағдайлары: нормаланбаған жұмыс күні, іссапарлар болуы мүмкін. Үміткерлер үшін сынақ мерзімі қарастырылған.
Іс-шаралардың техникалық маманы
Міндеттері: іс-шараларда кәсіби дыбыс, жарық, бейне жабдықтарын, сахналық конструкциялар мен арнайы әсерлерді құрастыру және бөлшектеу, жобаларды дайындауға және техникалық сүйемелдеуге көмек көрсету. Талаптар: іс-шаралар саласындағы жұмысқа қызығушылық, жауапкершілік, тәртіптілік, дене еңбегіне және үйренуге дайын болу. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді – үйрету компания ішінде жүргізіледі. Жұмыс жағдайлары: концерттік, корпоративтік, спорттық және басқа да іс-шараларда жұмыс істеу, нормаланбаған жұмыс күні, іссапарлар болуы мүмкін. Үміткерлер үшін сынақ мерзімі қарастырылған.