«Алтын сапа» президенттік сыйлығы

11.12.2018 Астанада «Алтын сапа» президенттік сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының, «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурстың, «Ұлы дала елі» қолшатыр брендін пайдалану құқығына ие болған облыстық кәсіпорындарға «Атамекен» ҚР ҰКП арнайы сыйлығын жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу конкурсына 182 кәсіпорын қатысты, оның ішінде 78 кәсіпорын – шағын, 76 – орта және 28 – ірі кәсіпкерлік кәсіпорындары. «ALT Sound» ЖШС шағын бизнес субъектілері арасында «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында сайысқа түсіп, финалистер қатарына кірді. Бұл біздің компанияның алғашқы тәжірибесі болды және біз өз қызметіміздің нәтижелерін сондай жоғары бағалануын мақтан тұтамыз.
Аталған конкурстың финалистері ретінде Директор Гриднев Вадим Александрович бастаған «ALT Sound» ЖШС өкілдері конкурсқа қатысқан және финалға шыққан басқа кәсіпорындармен бірге сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысуға шақырылды. Конкурстың сараптамалық комиссиясы тарапынан берілген жоғары бағалау біздің компанияға клиенттерге қызмет көрсету және ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту мен жетілдіру бойынша белгіленген бағыттағы одан әрі қозғалуға ынталандырады.
мекенжайымыз:
Алматы қ., 050057, Тимирязев к-сі, 42-үй (16- павильон, 6-блок, 16-кеңсе)
e-mail:
телефон:
Copyright © 2026 altsound.kz | Алматыда кәсіби дыбыс, жарық жабдықтарын жалдау

Сайт әзірлеу - Web-inSite