Backline (Бэклайн)

ALT SOUND музыкалық өнімдер шығаратын әлемдік жетекші брендтердің жоғары сапалы бэклайн жабдықтарын жалға беру және жалға алу қызметін ұсынады. Бұл музыкалық аспаптардың мінсіз дыбысталуы мен кез келген сахнада сенімді жұмыс істеуіне толық кепілдік береді.

Біздің Backline — бұл:
Түрлі топтар мен жеке орындаушылардың сахнада еркін әрі сапалы өнер көрсетуіне қажетті барлық жабдықтардың, музыкалық аспаптар мен шығыс материалдарының толық жиынтығы. Біз сіздің ерекше қажеттіліктеріңізге немесе техникалық райдеріңізге сәйкес әзірленген стандартты топтамаларды да, жеке шешімдерді де ұсынамыз..

Мінсіз сапа, себебі барлық жабдық тұрақты түрде тексеріліп, техникалық қызмет көрсетуден өтеді. Бұл іс-шараның өту барысында жабдықтың сенімділігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Тәжірибелі мамандарымыздың кәсіби кеңесі — тобыңыздың ерекшеліктері мен алаңның талаптарын ескере отырып, бэклайн жабдықтарының ең оңтайлы жиынтығын таңдауға көмектеседі.

Іс-шараны Backline жабдықтарымен қамтамасыз етуге не кіреді?
  • Музыкалық орындаушылардың райдерлерінде қойылған міндеттер мен тілек-қалаулары негізінде аспаптар мен дыбыс құрылғыларының тиісті жиынтығын іріктеу;
  • Жеткізу, орнату, іске қосу-баптау жұмыстары және техникалық қолдау

Қандай жабдық жекткізілуі мүмкін:
  • Күшейткіштер
  • Ұрмалы аспаптар жиынтығы;
  • Пернелі аспаптар;
  • Мониторлар;
  • Аспаптык микрофондар;
  • DJ- пульттер;
  • Драмшилд (Drum Shield) — барабаншыға арналған экран;
  • Басқару жүйелері;
  • Тіректер және сұраныс бойынша басқа да жабдықтар
мекенжайымыз:
Алматы қ., 050057, Тимирязев к-сі, 42-үй (16- павильон, 6-блок, 16-кеңсе)
e-mail:
телефон:
Copyright © 2026 altsound.kz | Алматыда кәсіби дыбыс, жарық жабдықтарын жалдау

Сайт әзірлеу - Web-inSite