Прокат и аренда LED-экрановLED-экрандарды жалға алу және жалға беру ALT SOUND шағын корпоративтік кештерден бастап ауқымды концерттер мен фестивальдерге дейін кез келген іс-шараны әсерлі өткізуге арналған LED-экрандарды ұсынады. Біз, өлшемі, ажыратымдылығы және техникалық сипаттамалары әртүрлі экрандардың кең таңдауын ұсынамыз. Бұл көрермендеріңізге мінсіз бейне сапасын және ұмытылмас әсер сыйлауға мүмкіндік береді.
Біздің мамандарымыз шоуыңызға арналған LED-экрандардың бірегей конфигурациясын жасауға көмектеседі. Бізде әртүрлі форматтағы кабинеттердің кең таңдауы бар, бұл ерекше визуалды шешімдер жасауға және тіпті талғамы жоғары көрерменнің назарын бірден аударуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің жабдықтар паркінде бұрышын өзгертуге болатын, яғни иілу және дөңгелектелген пішін қалыптастыруға мүмкіндік беретін LED-панельдер бар.
LED экрандар - бұл жиі тасымалдауға, тез құрастыруға және түрлі іс-шараларда, сахналарда, концерттер мен көрмелерде орнатуға арналған жиналмалы-құралмалы жүйелер. Олардың корпусы жеңіл әрі берік, сондай-ақ ыңғайлы бекіту тораптарымен және тасымалдау тұтқаларымен жабдықталған. Мұндай экрандарды кез келген пропорция мен қажетті ауқымда еркін құрастыруға болады.
Жалға алатын экрандар екі негізгі түрге бөлінеді: ашық аспан астында қолдануға арналған сыртқы үлгілер (олар IP65 қорғаныс деңгейіне ие, су мен қарға төзімді және жарықтығы өте жоғары) және ғимарат ішінде пайдалануға есептелген, IP54 қорғаныс класы бар ішкі дисплейлер.
Мұндай экрандарды аспалы күйде (мысалы, фермаға іліп) монтаждауға болады. Сондай-ақ олардың корпусында арнайы бекіту элементтері қарастырылған, бұл дисплейді еденге қойылатын тірек-кронштейнге де кедергісіз орнатуға мүмкіндік береді.
Іс-шараны LED экрандармен және басқа да бейне жабдықтарымен қамтамасыз етуге не кіреді?- Тапсырыс берушінің тілек-қалауы мен бейнеинженердің алдына қойылған міндеттер негізінде жарық диодты экрандар мен өзге де бейне жабдықтарының тиісті жиынтығын іріктеу;
- Жеткізу, орнату, іске қосу-баптау жұмыстары және техникалық қолдау
Қандай жабдық жекткізілуі мүмкін:- LED экрандар (жарықтығы жоғары, түстері қанық, түс беру деңгейі мінсіз және тіпті күн сәулесі тік түскен кезде де айқын көріну мүмкіндігімен ерекшеленеді);
- Әртүрлі өлшемдегі плазмалық панельдер;
- Бейнепульттер
- Басқару жүйелері
- Тіректер және сұраныс бойынша басқа да жабдықтар.