Алматыдағы сахналық конструкциялар және сахнаның механикалық жабдықтары

ALT SOUND сахналық конструкциялар мен сахна механикасының, сондай-ақ заманауи кинетикалық жабдықтардың бай таңдауын ұсынады.

Біз кішігірім концерттерден бастап ауқымды фестивальдерге дейінгі кез келген іс-шараға лайықты әртүрлі конструкцияларды ұсынамыз. Сахнаны құруға арналған, түрлі салмақ пен жүктемелерге төтеп беретін заманауи механикалық жабдықтар серпінді әрі әсерлі қойылымдар жасауға мүмкіндік береді.

Сахналық фермалар — бұл бүкіл құрылымның беріктігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін металл немесе алюминий қаңқалар.

Монтаждық конструкциялар құрамына қажетті сценографияны құруға, сондай-ақ әртістер мен техникалық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін подиумдар, баспалдақтар, өткел көпіршелері мен басқа де қосымша элементтер кіреді.

Мұндай құрылымдар театрларда, концерт залдарында, ашық алаңдар мен студияларда жарық, дыбыс, бейне жабдықтарын және декорацияларды орнату үшін қолданылады. Бұл жүйелер сахнаны әр іс-шараның форматы мен талаптарына сай бейімдей отырып, оны тез әрі тиімді жинауға және бөлшектеуге мүмкіндік береді.

Біздің сахналық жабдықтарымыз — бұл жоғары кәсібиліктің, сенімділік пен мүлтіксіз сапаның кепілі. Жобаңыздың деңгейіне қарамастан, кез келген күрделіліктегі сахнаны бізбен бірге жүзеге асырыңыз!

Іс-шараны сахналық конструкциялармен және механикалық жабдықтармен қамтамасыз етуге не кіреді?
  • Тапсырыс берушінің тілек-қалауы мен сахналық жабдықтар жөніндегі инженердің алдына қойылған міндеттер негізінде сахналық конструкциялар мен механикалық аппаратураның тиісті жиынтығын іріктеу;
  • Жеткізу, орнату, іске қосу-баптау жұмыстары және техникалық қолдау

Қандай жабдық жекткізілуі мүмкін:
  • Кез келген пішіндегі және биіктіктегі сахнаны құрастыруға мүмкіндік беретін әртүрлі өлшемдегі және конфигурациядағы сахналық платформалар
  • Фермалық құрылымдар, соның ішінде: күркелер, шатырлық жүйелер, ригельдік кешендер және Layher Allround брендінің сатылы тіреуіш (леса) жүйелері;
  • Кабельдік трассалар: кабельдерді төсеуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған кабельдік қорғаныш жабындар;
  • Сахнаға ыңғайлы көтерілуді қамтамасыз ететін баспалдақтар мен көпіршелер;
  • Бірегей визуалды дизайн қалыптастыруға арналған сахна арты маталары мен декорациялар;
  • Көтергіштер: декорацияларды, музыканттарды немесе жарық жабдықтарын жоғары көтеруге және төмен түсіруге арналған құрылғылар;
  • Лебедкалар (қолмен басқарылатын және электрлік): ауыр жүктер мен декор элементтерін жылжытуға арналған механизмдер;
  • Жабдықтарды орнықты әрі қауіпсіз бекітуге арналған бекіткіш жүйелер;
  • Жарықтандыру аспаптары мен өзге де компоненттерді биіктікке қауіпсіз бекітуді қамтамасыз ететін аспалы жүйелер.
  • Басқару жүйесі
  • Сұраныс бойынша басқа да құрылғылар
мекенжайымыз:
Алматы қ., 050057, Тимирязев к-сі, 42-үй (16- павильон, 6-блок, 16-кеңсе)
e-mail:
телефон:
Copyright © 2026 altsound.kz | Алматыда кәсіби дыбыс, жарық жабдықтарын жалдау

Сайт әзірлеу - Web-inSite