Алматыдағы жарық жабдықтары

Іс-шараларға арналған жарық жабдықтарын жалға беру

Қазіргі ойын-сауық индустриясында ауқымды концерттер мен сәнді үйлену тойларынан бастап, талғампаз корпоративтік кештер мен жарқын көрмелерге дейінгі түрлі іс-шараларды жарықпен безендірудің кешенді тәсілдері қолданылады.

ALT SOUND әрбір бөлшекті айқындай түсіп, қайталанбас атмосфера қалыптастыратын мінсіз жарық шоуын қамтамасыз етеді.

Біздің мол тәжірибеміз әлемдегі жетекші өндірушілердің соңғы топтамалары мен каталогтарындағы заманауи жарықтандыру құрылғыларымен жұмыс істеу дағдыларын қамтиды және ең жоғары сапа мен сенімділікке кепілдік береді.

Біз жарық жабдықтарын жай ғана жалға беріп қана қоймаймыз – концерттік жарықтандыру саласында кешенді шешімдер ұсынамыз. ALT SOUND тәжірибелі мамандар командасы сіздің қалауыңызды, іс-шараның форматын және, әрине, бюджетіңізді ескере отырып, оңтайлы жарықтандыру жоспарын әзірлеп, оны жүзеге асыруға көмектеседі.

Біз Сізбен жобаның әр кезеңінде — алғашқы консультациядан бастап, алаңдағы жабдықты түпкілікті баптауға дейін бірге жұмыс істеп, үздіксіз жұмыс пен таңғаларлық нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз етеміз.

Кез келген іс-шараны таңғажайып әрі әсерлі шоуға айналдыратын жарық құрылғылары мен жабдықтарды жалға беру және жалға алу қызметін ұсынамыз.

Іс-шараңызды жарықпен көркемдеуді ALT SOUND мамандарына сеніп тапсырыңыз және біздің қолымызда Алматының кез келген кешін ғажайыпқа айналдыратын жарықтандыру жабдықтары барына көз жеткізесіз!

Іс-шараны жарық жабдықтарымен қамтамасыз етуге не кіреді?
  • Тапсырыс берушінің тілек-қалауы мен жарықтандыру жабдықтары жөніндегі инженердің алдына қойылған міндеттер негізінде жарық құрылғыларының тиісті жиынтығын іріктеу;
  • Жеткізу, орнату, іске қосу-баптау жұмыстары және техникалық қолдау.

Қандай жабдық жекткізілуі мүмкін:
  • Beam, Spot, Wash түріндегі, сондай-ақ аралас типтегі айналмалы жарық бастиектері.
  • Жарық диодты прожекторлар;
  • Театр прожекторлары
  • Профильді прожекторлар
  • Лазерлер;
  • Стробоскоптар;
  • LED BAR-лар ;
  • Айналы шарлар
  • Түтін машиналары және тұман генераторлары
  • Басқару жүйелері
  • Тіректер және сұраныс бойынша басқа да жабдықтар
мекенжайымыз:
Алматы қ., 050057, Тимирязев к-сі, 42-үй (16- павильон, 6-блок, 16-кеңсе)
e-mail:
телефон:
Copyright © 2026 altsound.kz | Алматыда кәсіби дыбыс, жарық жабдықтарын жалдау

Сайт әзірлеу - Web-inSite