Іс-шараларға арналған дыбыстық жабдықтар

Дыбыстық жабдықтарды жалға алу - жалға беру саласындағы ең өтімді қызметтердің бірі, өйткені бірде-бір іс-шара музыкалық сүйемелдеусіз өтпейді.Осыған байланысты, кез келген іс-шараны ұйымдастыру барысында дыбыстық жабдықтарды жалға алу мәселесі өзекті болады. Бұл қызмет әсіресе нысанда тиісті техника қарастырылмағанда немесе қолданыстағы акустика мен микрофондардың көлемі дыбысты сапалы қамтамасыз етуге жеткіліксіз болғанда өте маңызды. Осындай сәтте мәселенің ең дұрыс шешімі — осы саланың кәсіпқойларына жүгініп, барлық қажетті дыбыс аппаратурасын толық көлемде жалға алу болып табылады.

Біздің компания сіздің мақсаттарыңызға арнайы бейімделген, әлемдік жетекші өндірушілердің жоғары сапалы дыбыс жүйелерін ұсынуға әркез дайын. Біздің иелігімізде акустикалық кешендердің бай таңдауы бар. Ал көпжылдық тәжірибесі бар білікті техникалық мамандарымыз үйлену тойлары, көрмелер мен корпоративтік кештерден бастап, ауқымды концерттер мен фестивальдерге дейінгі кез келген деңгейдегі іс-шараларды жоғары кәсіби деңгейде дыбыспен көркемдей алады.

Дыбыстық жабдықтармен жабдықтауға не кіреді:
  • Тапсырыс берушінің тілек-қалауы мен дыбыс инженерінің алдына қойылған міндеттер негізінде дыбыс құрылғыларының тиісті жиынтығын іріктеу;
  • Жеткізу, орнату және іске қосу-баптау жұмыстары.

Қандай жабдық жекткізілуі мүмкін:
  • Сызықтық массивтер;
  • Сабвуферлер;
  • Акустикалық жүйелер;
  • Мониторлар;
  • Процессорлар;
  • Күшейткіштер;
  • Қорек блоктары;
  • Микрофондар (радиомикрофондар, сымды және аспаптық микрофондар);
  • Сұраныс бойынша басқа да техникалар.
мекенжайымыз:
Алматы қ., 050057, Тимирязев к-сі, 42-үй (16- павильон, 6-блок, 16-кеңсе)
e-mail:
телефон:
Copyright © 2026 altsound.kz | Алматыда кәсіби дыбыс, жарық жабдықтарын жалдау

Сайт әзірлеу - Web-inSite